Take a fresh look at your lifestyle.

Түркияда шығатын журналда «Халифа Алтай» мешіті туралы жазылды

0 150

Түркияда қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» атты журналға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті туралы таныстыру мақала шықты.

Материалда облыстық мешіттің салыну тарихымен қатар жасалып жатқан шаралар туралы оқырмандарға кеңінен мағлұмат берілген.

Әсіресе қайырымдылық және рухани бағыттағы атқарылған жұмыстар молынан қамтылған.

Журнал мол таралыммен бірнеше Еурпа мемлекеттеріндегі қазақ  оқырмандарына тарайды.

«Шетелдік басылымға біздің мешітіміз туралы жазылғаны зор мәртебе. Бұл еліміздегі мешіттердің қызметін насихаттау, асыл дінімізді таныту болып табылады. Тура жол – Исламның мерейі әркез үстем бола берсін» дейді, осы мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.