Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 90% ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАРҒА ҚАРСЫ

0 9  712

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалыпты дін мен радикалды идеологияны ажырата алады. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. “Бүгінде халықтың көпшілігі қалыпты дін мен радикалды идеологияның ара жігін ажыратуды үйренді. Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтардың 90 проценті мемлекеттік саясатты қолдап, теріс діни ағымдарға төзбеушілік танытады”, – деді Нұрлан Ермекбаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында. Министр Kazislam.kz интернет-порталы арқылы интернет-аудиториямен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бір жылда порталда 5 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланған және оған жарты миллионнан астам адам кірген. Сондай-ақ, ведомство заңды түрде жұмыс істейтін діни бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайтуға көңіл бөлген. Діни ғибадатханалар мен діндарлар арасында кең түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді және білікті имамдардан құралған топ теріс діни ағым өкілдерімен жеке жұмыс істейді. Қажылық сапары мен вакцинацияны ұйымдастыруға да министрлік көмек көрсеткен. 2017 жылы өткен Қажылық ұйымдастырылуы жағынан жоғары бағаға ие болған.   “Бір жылда атқарған жұмыстарымыз дін саласындағы ахуалды жақсартуға, барлық өзекті мәселелер бойынша сарапшылармен және дінбасылармен диалог орнатуға мүмкіндік берді. Соңғы бір жарым жылда қоғамда діни фанатизмге қатынас өзгерді, діни төзбеушілікті қабылдамау, зайырлы мемлекет өміріндегі діннің орны мен рөлін дұрыс ұғыну қасиеттері қалыптасты” деп  сөзін түйіндеді министр.
Kazislam.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.