Take a fresh look at your lifestyle.

Қажыларға арналған дайындық курстары басталады

0 112

ҚМДБ-ның Астана қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде қажылық парызын өтеуге ниеттенген жандарға арнайы дайындық дәрістері басталады, – деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Аталмыш курс 05.08-12.08 аралығында өтеді. Бір апта жүргізілетін арнайы дәрістер сағат 15:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. Курс аясында қажылық парызын өтеу барысында атқарылар рәсімдер туралы толық ақпарат беріледі. Сондай-ақ, сауапты сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды һәм қажылықтың қалай өтелуі жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Дәрістерді «Нұр Астана» орталық мешітінің және өкілдікке қарасты басқа мешіттердің білікті, тәжірибесі мол имамдары жүргізеді. Дәрістер кестесі төмендегідей.

hadj table

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.