Take a fresh look at your lifestyle.

Әл-Ақса мешіті иғтикафқа ашылды

0 260

Әл-Ақса мешіті қорының басшысы Шейх Омар әл-Кисвани жазбаша жасаған мәлімдемесінде бүгінгі түннен бастап айт мерекесінің алғашқы күніне дейін мешіт иғтикаф жасағысы келгендерді қабылдауға дайын екенін білдірді.  Рамазан айының басынан бері Израиль тарапынан қойылған тыйым өз күшін жоюына байланысты әл-Ақса мешіті енді иғтикаф жасауға ниеттенгендерді қабылдай алады. Иғтикаф деп Рамазан айының соңғы он күнін мешітте құлшылықпен өткізуді айтады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныстанғаннан кейін өмірден өткенше (жыл сайын) рамазан айының соңғы он күндерінде иғтикафқа кіретін еді. Және оразаның соңғы он түнін құлшылықпен өткізген Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Соңғы он күннің тақ сандарынан қадір түнін іздеңдер», – деген.

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.