Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сайт жұмысында жаңалық көп

0 1  028

21 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ресми сайтының жұмысы жанданып келеді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда дұрыс діни ақпараттардың азаматтардың өміріндегі маңызы айырықша. Жат ағымның жетегінде кетуден сақтану, дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұстану үшін діни білімді сенімді ақпарат көздерінен, сенімді қайнарлардан алудың мәні де ерекше.

Осы орайда ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті де сайт жұмысын жандандыру бағытында бірқатар шараларды қолға алды.

Бүгінгі таңдағы ең әлуетті әлеуметтік желілерде, айталық инстаграм, в-контакт, телеграм,  арнайы парақшалар ашып, дұрыс діни ақпараттар жіберу, мешіт имамдары мен ұстаздарының видео дәрістерін, уағыздарын орналастыруда. Бұрыннан бар фейзбук парақшасы мен ютуб арнасының жұмыстары жүйеленіп, кәсіби тұрғыда ретке келтірілді.

Арнайы баннерлер жасалып, жұмыс әлеуметін арттыу бағытында сайт материалдарының ішіне әлеуметтік желідегі парақшалардың сілтемесі қоса қойылатын болды.

Сондай-ақ, Бас имам Бауыржан Есмаханның тапсырмасымен, сайт беттерінде дәстүрлі діни құндылықтарды, қазақ ойшылдары мен ғұламаларының тарихи тәжірибесін насихаттайтын, жат ағымның алдын алуға бағытталған сапалы конттенттерді көптеп орналастыру бағыты бойынша да жоспарлар әзірлеп, ғаламтор ресурсын тиімді пайдалануға күш салуда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.