Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сахабалар туралы жазылған мәшһүр еңбектер

Сахабалар туралы жазылған мәшһүр еңбектер

0 40

Ислам ғұламалары әр ғасырда бұл ұлы адамдар жайында өте көп жазбалар қалдырып, әрі оларды зерттеп, жарыққа шығаруда өте көп көңіл бөлген. Еңбектердің көптігі соншалықты олар жайлы сыр шертілмеген бірде-бір ғасыр болмады. Енді сол еңбектерді авторларының дүние салған жылдарына сай екіге бөліп қарастырсақ:

Мұхамммед ибн Исхақ әс-Сағони, «Дәрус-сахабати фи уәфяти әс-сахаба».

Ол жайында әл-Кәттәни «ар-Рисалатул мустатрафа» кітабында келтірген.   Әбу Убайда Муаммар ибн әл-Мәсәнидің «әс-Сахаба» кітабы. Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Халифа ибн Хаййат, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Әбул Хасан Әли ибн Абдулла әс-Сағори (Әли әл-Мәдини), «Мағрифату мән нәзәлә минәс-сахабати сәирил булдән». Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.   Абдуррахман ибн Ибраһим әд-Димашқи, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Әбу Абдулла Мухаммед ибн Исмаил әл-Бухари, «әс-Сахаба». Бұл жайында Әбу Нуғайм «әл-Мағрифада» келтірген. Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген: «Сахабалар жайында мен білетін алғашқы жазбаны әл-Бухари жазған».   әл-Бухаридің «әл-Уихдан» кітабы. Бұл жайында Әбу Нуғайм «әл-Мағрифада» келтірген.

Муса ибн Сәһл әр-Ромли, «Мән нәзәлә Фалестина минәс-сахабати». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында осы жазбадан көп қолданған.   Муслим ибн әл-Хажжаж, «әт-Табақат». Бұл жайында Ибн ән-Нәдим «әл-Фәһраст» кітабында келтірген.

Имам Муслимнің «әл-Уихдан» кітабы. Бұл жайында әс-Суюти «Табақатул хуффаз» кітабында келтірген.   Әбу Зурға әр-Рази, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Ахмад ибн Сияр әл-Марузи. Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Әбу Бәкір Ахмад ибн Абдулла ибн әл-Бәрқи, «әс-Сахаба». Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.

Әбу Дәуіт Сулайман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Әбу Хатим Мухаммад ибн Идрис әр-Рази, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Әбу Иса Мухаммед ибн Иса әт-Тирмизи, «Тәсмиату асхаби расули Алла». Бұл жайында Фуад Сизкин «Тарих турос әл-араби» кітабында келтірген.   Ахмад ибн Әбу Хайсама ән-Нәсәи, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Абдуррахман ибн Амр Әбу Зарға әд-Димашқи, «Тәсмияту мән нәзәлә әш-Шам». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.   Мұхаммед ибн Юнус әл-Кадими, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Әбу Бәкір Ахмад ибн Амр әш-Шәйбани, «әл-Ахад уәл мәсәни». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі десе, Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабы да осы еңбек негізінде деген.   Әбу Мухаммед Абдулла ибн Мухаммед әл-Мәрузи, «Мағрифатус сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Әбу Жағфар Мухаммед ибн Абдулла әл-Хадрами, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.   Әбу Мансур Мухаммед ибн Сағд әл-Бәруди, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.   Әбу Мухаммед Абдулла Ибн әл-Жаруд ән-Нисабури, «әл-Ахад фис-сахаба». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі деген.

Әбу Бәкір Абдулла ибн Әбу Дәуіт әс-Сижистани, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.   Әбул Қасым Абдулла ибн Мұхаммед әл-Бағауи, «Муғжамус сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

Әбу Уруба әл-Хусейн ибн Мұхаммед әл-Хадрани, «әт-Табақат». Ибн Хажар «әл-Муғжам әл-Муфаһрас» кітабында келтірген.

Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Омар әл-Ақили, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі деген.   Әбул Аббас Мұхаммед ибн Абдуррахман әд-Дағули, «әс-Сахаба». Имам әс-Сахауи «Фатхул муғис» кітабында келтірген.

әл-Қади Әбу Ахмад ибн Мұхаммед әл-Ассал, «әс-Сахаба». Әбу Нуғайм әл-Асфаһани «Мағрифату сахаба» кітабында келтірген.   Абдулбақи ибн Қониғ әл-Умауи, «Муғжамус сахаба». Имам әс-Сахауи «Фатхул муғис» кітабында келтірген.

Әбу Али Сағид ибн Осман әл-Бағдади, «Муғжамус сахаба». Имам әз-Зәһәби «әт-Тәзкира» кітабында келтірген.   Әбу Хатим Мұхаммед ибн Хиббан әл-Бусти, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

Әбул Қасым Сулайман ибн Ахмад ат-Табарани, «әл-Муғжамул Кабир». Кітап 25 томнан тұрады. Өкінішке орай, 13-тен 16-томға дейін жоғалып кеткен.

Әбу Ахмад Абдулла ибн Ади әл-Журжани, «Әсмәус сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабының негізгі дереккөзі қылған.   Әбу Бәкір Ахмад ибн Ибраһим әл-Исмаили, «Әсмәус сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

Әбул Фатх Мухаммед ибн Хусейн әл-Әзди, «әс-Сахаба». Имам әз-Зәһәби «әт-Тәзкира» кітабында келтірген.

Әбу Ахмад әл-Хасан ибн Абдулла әл-Аскари, «Мағрифатус сахаба». Бұл еңбек сахабалардың руына байланысты реттелген. Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.

Әбул Хасан Али ибн Омар әд-Дарақутни, «Әсмәус сахаба әлләти иттфақа фиһа әл-Бухари уә Муслим».

Әбу Хафс Омар ибн Ахмад, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.   Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исхақ (Ибн Мунда) әл-Асфаһани, «Мағрифатус сахаба». Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабының негізгі дереккөзі деген.

Ахмад ибн Али әл-һәмәдәни әш-Шафиғи, «Муғжамус сахаба». әл-Қади ибн Шуһба тарих кітабында: «Бұл кітаптан жақсысын көрмедім», – деген.

Әбу Нуғайм әл-Асфаһани, «Мағрифатус сахаба».   Әбул Аббас Жағфар ибн Мұхаммед әл-Мустағфири, «Мағрифатус сахаба». әс-Суюти «Табақатул хуффазда» келтірген.

Әбу Омар Юсуф ибн Абдулбарр, «әл-Истиғаб фи мағрифатил асхаб».   Әбу Бәкір Мухаммед ибн Әбул Қасым (Ибн Фатхун) әл-Мәлики әл-Андалуси, «Зәйлул истиғаб». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.   Ибн Асакир, «Муғжаму сахаба» және «Тартибу асмаис сахаба».

Әбу Муса әл-Мәдини, «әс-Сахаба». Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабының негізгі дереккөзі деген.   Әбул Мауаһиб ибн Сусри, «Муғжаму сахаба». әс-Суюти «Табақатул хуффазда» келтірген.   Ибн Қудама әл-Мақдиси, «әл-Истибсар фи нәсәби сахабати минәл ансар».

Ғиззуддин ибн әл-Әсир әл-Жәзәри, «Усдул ғоба фи мағрифатис сахаба».   Имам ән-Нәуәуи, «Мухтасар китәб усдул ғоба».

Имам әл-Хафиз әз-Зәһәби, «Тәжриду әсмәис сахаба».   Имам әл-Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани, «әл-Исоба фи тәмиизи сахаба». Еш талассыз қазіргі күнге дейін сахабалар туралы жазылған шоқтығы биік еңбек.   Яхия ибн Әби Бәкір әл-Амири әл-Йәмәни, «ар-Риядул мустатоба».   әл-Хафиз әс-Суюти, «Айнул исоба фи мағрифатис сахаба». Ибн Хажардың «Исобасының» қысқартылған нұсқасы делінеді.

материал «Сахабалардың сәулелі ғұмыры» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.