Take a fresh look at your lifestyle.

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР 5 ОТБАСЫНА ҮЙ САЛЫП БЕРДІ (ФОТО)

0 156
Қайырымды жандар Алматы қаласының іргесінде орналасқан Гүлдала елді-мекенінде тұратын 5 отбасын қуанышқа бөледі. Көпбалалы отбасылар мен жолдасынан айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартқан жандардың жағдайы жомарт адамдарды бей-жай қалдырмапты.

Салтанатты шараға қатысқан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

“Халқымызда: “Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің”, – деген нақыл сөз бар. Халыққа қарайласқан адамға Алланың өзі қарайласады. Ізгі амал сауапсыз қалмайды. 5 отбасын қуанышқа бөлеген азаматтарға Алла разы болсын”, – деп атап өтті.

Игі шарада сөз алған Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлы да ізгі ниеті мен тілегін жеткізді.

Баспаналы болған отбасылар жомарт жандарға алғыстарын жаудырды.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.