Take a fresh look at your lifestyle.

МҮФТИЯТ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫН ӨТКІЗЕДІ (ФОТО)

0 156
Бұл туралы Елордада өткен кезекті аппарат жиналысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мәлімдеді.

Республикалық форумды алдағы қазан айына өткізу жоспарлануда. Бүгінде дайындық жұмыстары басталды.

«Алдымызда атқаратын үлкен жоба – ІІІ республикалық имамдар форумын ұйымдастыру. Бұл игі шараны жоғары деңгейде өткізу үшін әрқайсымыз өз саламыз бойынша белсенді түрде атсалысуымыз қажет», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Елордада осымен үшінші рет өткелі жатқан форумда еліміздегі діни рәсімдерді бірізге түсіруге және дін қызметкерлерінің діни лауазымдарын бекітуге бағытталған бірнеше құжат қабылданбақ.

Айта кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында екі рет имамдар форумы өтіп, бүгінгі мұсылманның келбеті, имам этикасы сынды құжаттар қабылданған болатын.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.