Take a fresh look at your lifestyle.

Тәуил деген не?

0 185

Бұрын ақида кітаптарда Алланың кей сипаттарына қатысты тәуил жасалмаған тәрізді…

Файрузабади «Басаир зауай ат-тамииз фи латаиф әл-Китаб әл-Азиз» атты кітабында былай деді: «Тәуил – аяттың сыртқы мағынасын аяттың қабылдай алатын басқа ықтимал мағынасымен алмастыру. Ол алдыңғы және кейінгі аятқа мағынасы жағынан ұқсас болады. «Тәуил» сөзі «әууәл» деген сөзден туындаған. Ол «қайту» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тәуил –  деген  аяттың мағынасы мен ол мақсаттың неге қайтатынын баяндау.

Тәуил мен тәфсирдің айырмашылығы:

Тәуил: аяттар мен ондағы сөздердің сырларына көз жүгіртіп, аяттың қабылдай алатын мағыналарынан біреуін анықтау. Бұл бірден бірнеше мағына таситын аяттарда болады.

Тәфсир: аяттың түсу себебін зерттеу мен тіл тұрғысынан граматикаға тереңдеу.

Шариф Жүржани «әт – Тәғрифат» атты кітабында былай дейді: «Тәуил сөзінің асылы «қайтару» деген мағынаны білдіреді». Терминдік мағынасы болса – сөзді негізгі лексикалық мағынасын шығарып, Құран мен сүннетке сай мағыналарынан бірін анықтау.

Мысалға: يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ

«Ол өліден тіріні шығарды» (Рум 19) аяты. Мұндағы мақсат «жұмыртқадан құсты шығарады» десе – бұл тәфсир болады. Ал егер мұндағы мақсат: «кәпірден мұсылманды немесе наданнан ғалымды шығарады» десе, онда бұл – тәуил болады.

Біздің де мақсат етіп отырған тәуиліміз осы. Яғни, Құран мен хадисті (тура және ауыспалы мағыналарын)  түсіну үшін әдебиетшілердің атап өткен қағидаларының біріне жүгіну, мағынасы неге қайтатынын анықтау.

Қазақ түсінікпен бір мысал келтірсек: қазақта «ит өлген жер» деген тіркес бар. Тура сөзбе сөз түсінсек, ит өліп қалған жер. Ал ауыспалы мағынасына үңілсек, ұзақ және алыс жерді білдіретін тұрақты тіркес. Діндегі тәуил ұғымы осыған саяды.

Кейбір жат пиғылды ағымның жетегінде кететін бауырларымыз Құран мен хадисті осылай тура мағынада, тар шеңберде, ұстаз яки ғалымдардың дәрісінсіз қабылдап алады да қателікке ұрынады. Сондықтан да тәуил ұғымы өте маңызды мәселе…

Серікбол Хаманұлы

“С.Ғылмани” мешітінің ұстазы,

исламтанушы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.