Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни оңалту бойынша сыр имамдарына семинар өтті

0 213

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Қызылорда өңіріне арнайы іс-сапармен келіп, «Діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.

Қалалық «Нұр» мешітінде Сыр имамдарымен және облыстық «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының мамандары кездескен Хасан Ташайұлы діни оңалту бағытында кездесетін мәселелер мен оны тиімді шешуде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерге тоқталып, жеке тәжіриесін бөлісті.

Семинар соңында бөлім меңгерушісі қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, аталмыш бағытта жүйелі жұмыс істеп жүрген қызылордалық имамдарға алғыс білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.