Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әлжан ана» мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы аяқталды

0 1  885

 Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы «Нұр-Сұлтан» қаласы өкілдігі «Әлжан ана» мешітінде маусым айының басында Бас имамның ұйымдастырумен басталған «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп,шәкірттермен қоштасу кеші өтті.

Қоштасу шарасының өзі бүлдіршін шәкірттің Құран оқуымен ашылып,ақсақалымыздың бата беруімен аяқталды.Шара соңында мешітіміздің бас имамы Сәбит Әзімбекұлы жылы лебізін білдіріп,шәкірттерге сертификаттар табыстады.Сондай-ақ  30 күн бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздарға құрмет көрсетіліп,арнайы сыйлықтар берілді.Бұл кеште ата-аналар да ұл-қыздарының тәрбиесіне үлес қосып отырған имамдарға өз алғыс-тілектерін білдірді.

Айта кетейік,биылғы жылы Әлжан ана мешіті ұйымдастырған жазғы сауат ашу курсына 90-ға жуық шәкірт қабылданған болатын.Шәкірттер аз уақыттың ішінде діни сауатпен қатар адал,қайырымды,ата-ананы сыйлау мен бауырмалдықты қалыптастыру әдептерін үйренді.

Бас имам: Ережепов Сабит Азимбекұлы

 

   

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.