Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: ҚАЖЫЛЫҚҚА ШЕКТЕУЛІ ОРЫНДАР ҚАЛДЫ

0 712

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық миссиясы қажылық сапарына шектеулі орындар қалғанын хабарлайды.

Биыл Сауд Арабия Корольдігінің (САК) Қажылық министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында жасалған келісім бойынша, 2 500 квота (орын) бөлінді. Аталған квотаны ҚМДБ Қажылық миссиясы қызмет көрсетуге қабілетті деп таныған 16 турфирмаға үлестірді. Бүгінде қажылық компаниялары өздеріне берілген квота санын толтырып үлгерді.

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарының қажылық визасын шығарып, оны компьютерлік жүйеге енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда, кейбір мұсылман бауырларымыз қажылыққа тиісті құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ҚМДБ Қажылық бөліміне хабарласып, ұлы сапарға баруға ниет білдіріп жатады. Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі, САК-тың Қазақстандағы елшілігі уақытынан кешіккен құжаттарды қабылдамайтынын қатаң ескертеміз. Өткен жылы орын алған осындай жағдайлар қайталанбас үшін құжаттарды алдын-ала тапсыру міндет. Қабылдау мерзімі өтіп, кеш хабарласқан азаматтың өтінішін Қажылық миссиясы орындай алмай қалатынын қаперлеріңізге саламыз. Сондықтан, уақыт аз, ал орындар шектеулі. Асығыңыз!

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.