Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ – ЕЖЕЛГІ САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА (ФОТО)

0 3  149
Қазақстанмұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қалашығында болып, мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысты, – деп хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ұлы дала төсіндегі Ислам» жобасы аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен тарихи көрме-мұражай ашу жоспарлануда.

«Исламды тарихымызбен сабақтастырып түсіндіру – аса маңызды жұмыс. Өйткені, біз кеше ғана мұсылман болған халық емеспіз. Қарға тамырлы қазақтың Ислам дінін жүрек қалауымен қабылдағанына сан ғасырлық тарихи жазбалар мен жәдігерлер дәлел», – деді Серікбай қажы Ораз.

Сарайшық мұражайын аралаған Бас мүфти естелік кітабына ізгі тілегін жазып қалдырды.  

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.