Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы асыраушысы жоқ 90 бүлдіршінді қуантты (фото)

Мешіт ұжымы асыраушысы жоқ 90 бүлдіршінді қуантты (фото)

0 96

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақовтың бастамасымен және мешіттің әйел-қыздар секторының атсалысуымен қайырымды шара өтті.

Мешіт ұжымы Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып балаларды қорғау күніне орай  «SOS Детская деревня» асыраушысы жоқ балалар қалашығында тәрбиеленіп жатқан 90 бүлдіршінге арналған бағдарлама ұйымдастырды.

Аталған шараны мешіттің ұстазы Саметов Сұңғат Құран аяттары және хадис-шарифтермен бастап берді. Көңілдерінде қаяуы бар балаларға бағалы сыйлықтар мен қоса «Спортмастер», «Золотое яблоко» компанияларының тауарларына сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, аниматорлардың көмегімен әртүрлі көңілді ойындар ойнатылып, концерттік қойылым қойылды. Шара соңында барша қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.