Шәкірттер мен балалар үйіндегі жасөспірімдерге азық-түлік үлестірілді
Шәкірттер мен балалар үйіндегі жасөспірімдерге азық-түлік үлестірілді
ҚМДБ «Уақып» қорының ұйымдастыруымен «Хусамуддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтында білім алып жатқан шәкірттер мен асыраушысынан айырылған, Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге бір айға жеткілікті азық-түлік жеткізілді.
Игі іс-шараға ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма Төрағасы Азамат Абдікерімұлы және «Уақып» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай мен еріктілер қатысты.
«Алланың қалауымен және демеуші азаматтардың қолдауымен қайырымдылық шараларын жалғастырып келеміз. Мақсатымыз – материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар жастарға рухани демеу беріп, оларды шынайы жанашырлықпен қолдау», деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Игі іске атсалысқан жомарт жандарға алғыс білдіріліп, жас буынның тағдырына бейжай қарамай, ізгі амалмен үлгі болған азаматтарға жамағат тарапынан жылы лебіз айтылды.
Алла Тағала демеуші жандардың әрбір сауапты амалын қабыл етіп, шәкірттердің іліміне береке, жас жеткіншектердің болашағына нұр жаудырсын! Жақсылықта жарысатындар көбейе бергей!