Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жылдық есеп-2024: 910 гектар зират цифрландырылды

Жылдық есеп-2024: 910 гектар зират цифрландырылды

0 75

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының мамандары 2024 жылы 910 гектарға жуық мұсылман зиратын цифрландыру ісіне атсалысты.


Бұл туралы орталықтың директоры Мейрамбек Қабылбекұлы хабарлады

«ҚазАэроСпейс», «Жеті ата» және «SHARAPAT-Digital» компанияларымен жасалған Зираттарды цифрландыру меморандумы аясында арнайы жұмыс тобымен бірге республиканың барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында семинарлар өткіздік. Семинар ұйымдастырушылары зираттар туралы деректерді орталықтандырудың, жерлеу үшін бөлінетін учаскелердің реттілігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, өңірлердегі 910 гектарға жуық мұсылман зираттарын цифрландыру ісіне де іс жүзінде атсалыст» дейді салттық қызмет көрсету орталығының директоры.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдегі зираттардан Орталыққа 50 га жер учаскелері бөлінді. Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы демеушілердің көмегімен Орталыққа екі жаңа салттық қызмет көлігін табыс етті. Орталықтың республика бойынша ауқымды мешіттердің жанынан ашылған 59 бөлімшесінде 210 маман тәулік бойы халыққа салттық қызметтер көрсетіп келеді. Елдегі 800 зиратқа «Зират және зиярат мәдениеті» құжатына сай зират көтерудің әдебі көрсетілген тақталар орнатылды.

«Өткенге құрмет – тіріге міндет» шарасы аясында сәуір және қыркүйек айларының соңғы сенбілерінде ел аумағындағы зираттарға тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жалпы ауқымы 1600 га зират учаскелері қоқыстан тазартылса, қоршаусыз тұрған жалпы алаңы 161 га зират учаскелері қоршалды. Орталық және жалпы салттық қызмет туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін арнайы сайт іске қосылып, әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы жыл басынан бері Орталық жұмыстары 2060 рет насихатталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.