Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сауд Арабия 2017 жылғы қажылық қорытындысын шығарды

0 695

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

2017 жылғы қажылық қорытындысы

Сауд Арабияның Мәдениет және ақпарат министрлігі 2017 жылғы қажылық қорытындысын шығарды. Аталмыш ведомствоның ақпаратына сәйкес, осы жылы 2 352 122 адам қажылық парызын өтеген екен.

 Олардың 1,75 миллионы  – шетел мемлекеттерінің азаматтары.

1 миллионнан астам қажылар Азия елдерінен келсе, 400 мыңы – Араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесіне кірмейтін елдерден, шамамен 200 мыңы  – Африка елдерінен, 100 мыңы — Еуропадан және 25 мыңы — АҚШ пен Аустралиядан келген.

Үстіміздегі жылғы қажылықта соңғы ақпараттар үнемі қажылардың мобилді қондырғыларына келіп отырған. Бұдан бөлек, әрбір қажы электронды сәйкестендіру білезігімен қамтамасыз етілген.

Қажылардың қауіпсіздігін 2280 азаматтық қорғаныс қызметкерлері, сондай-ақ, әр елден келген  2935 еріктілер қамтамасыз еткен. 1650 журналист қажылықта орын алған оқиғаларды хабарлап, жазып отырған.

Қажылық парызын өтеушілерге 30 мың білікті дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен, сондай-ақ, қажылық мерзімінде арнайы 15 медициналық  орталықтар ашылған.

Айта кетсек, мұның алдында белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың қажылығын өтеу барысында 39 адам көз жұмған екен.

muftyat.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.