Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НАИБ МҮФТИ АСТАНА ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 3  401

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

18-желтоқсан. Астана. Sunna.kz – Жаңа наиб мүфти Астана жамағатына уағыз-насихат айтты.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов, жаңадан тағайындалған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан мырзаны мешіт жамағатына таныстырды. Күллі адамзаттың ардақтысы болған пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы – киелі мәуліт айымен қатар келген, Ел тәуелсіздік мерекесіне орай, арнайы келген наиб мүфти Астана жамағатын еліміз үшін аса маңызды мереке тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, ел егемендігінің нығая беруі жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

Сонымен қатар, құптан намазына жиналған жамағатты наиб мүфти, еліміздің береке-бірлікте болуын және білімді мұсылман болу үшін ұдайы ізденіс пен жаңаруда болуы жайында уағыз-насихат айтты.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.