Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 2  188
Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты Елбасы Жолдауын қала имамдарына кеңінен таныстыру жиыны өтті, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов және қала мешіттерінің имамдары қатысты.

Алқалы жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауында айтылған білім беру сапасын арттыру, жас ұрпақты жаңа технологиялық мүмкіндіктерді игеруге, өз бетімен ғылым, білім ізденуге үндеу, бүгінгі күннің талабына сай білім алу, т.б. мәселелер сөз болды.

«Еліміз етек-жеңін бүтіндеген егемен мемлекет болып, өзіндік сипаты мен әлеуеті айқын, тегеурінді ұлт ретінде берік те, бекем қалыптасып, әлемдік кез-келген өзгеріске бейімделіп үлгерді. Сондықтан еліміздің бүгінгі-ертеңгі өсіп-өркендеу бағдарын тек осы тұрғыдан бағамдаймыз.
Өйткені, мемлекетіміздің рухани тірегі болған Ислам діні білім мен ғылыми өзгерістерге бейімделуді құптап, қуаттай түседі. Асыл дінімізде мұсылман үмбетіне, күллі адамзат баласына парыз болған амалдың бірі – білім мен ғылым үйрену. Білімді мұсылман – толыққанды мұсылман. Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!» деп басталғаны бекер емес. Қасиетті Құран Кәрімнің «Мүжәдала» сүресінің 11-аятында: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді, істегендеріңді толық біледі», – делінген. Сондықтан, ізгілік пен игілікті мақсат етіп, елдің қамы үшін қызмет ету – әр мұсылманға тән қасиет», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Басқосуда сөз алған бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Биылғы Елбасы Жолдауының насихаттайтын тұстары өте көп. Шындығында, бізге ақыл мен сана, терең ой мен білім, көркем мінез берген Аллаға сансыз шүкірліктер болсын! Осындай ақыл мен білімді игере білген әрбір адам өз еліне аянбай тер төгіп, қызмет жасауы керек», – деген пікірін жеткізді.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.