Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ҚАСИЕТТІ АЙ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС ҚАРИЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  954
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мүфтият жанындағы «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында жуырда қасиетті Құранды толық жаттап шыққан жас қарилармен кездесті. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы, Ләззат атындағы медреседе өткен кездесуге ҚМДБ Астана қаласының өкіл имамы Асқар Мұқанов, осы орталықтың директоры Сәдуақас қари Олжабай, Елордадағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Қалижан қажы Заңқоев қатысты.
«Алла Тағала кез келген пендесіне Құранды толық жаттап шығу нығметін нәсіп ете бермейді. Бұл – үлкен бақыт. Қари адамның мінез-құлқы да Құранға ұқсауы тиіс. Қари болу – үлкен жауапкершілік әрі көп адамға бұйыра бермейтін нығмет. Ал сіздер осынау бақытқа кенеліп отырсыздар. Алла Тағала зейіндеріңізді арттырсын. Қазір біз елімізде қарилар санын арттыру мақсатында үлкен игі жобаларды жүзеге асырып келеміз. Жуырда Алматыда VII республикалық қарилар жарысын ұйымдастырдық. Мақсатымыз – Құран жаттаған жандарды жігерлендіріп, олардың қатарын арттыру», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти қарилар мен олардың ұстаздарына, дін жанашырларына өзінің алғыс хатын табыстап, жылы лебізін жеткізді.


 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.