Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ОРАЗА – ҚҰРАН АЙЫ

0 780

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

29-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде айырықша ауызашар болды.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының әр күні мешіт жанында арнайы тігілген шатырда күн сайын 300-ге жуық Астана тұрғындарына тұрақты ауызашар дастарқаны жайылып келеді.

Бүгінгі ауызашар дастарқаны бұрынғы ауызашардан өзгерек болды. Қасиетті айдың құрметіне, мешітімізге Анадолыдан арнайы қонақтар ат басын тіреді.

Түркия Республикасы Дін істері басқармасы және Түркия Диянет Қорының «Құтты сыйым – Құран» атты жобасы шеңберінде мешітімізде айырықша ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға жиналған Елорда тұрғындарына 300-ден астам қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды.

Аталмыш Құран Кәрім – Түркия Республикасы Дін істері басқармасының демеушілігімен және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті дінтану сараптамасынан оң қорытынды берілген һәм ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған – Алланың кәләмі, адамзаттың ең ақырғы қасиетті кітабы. Құранның қазақша баламасын аударған Ғазиз Ақытұлы мен Манаш Ақытұлы. Ғылыми кеңесші және жоба жеткешісі ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жүзеге асқан болатын.

Сондай-ақ, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітнің наиб имамы Бағзат Ағжол жиналған жұртшылыққа Түркиядан арнайы келген қонақтарды таныстырды.

«Құрметті қандас бауырлар, қасиетті Рамазан айы барлықтарыңызға құтты болсын! Рамазан – Құран айы. 84 мемлекетке осынау қасиетті айдың құрметіне осы Құранды сыйға таратып келеміз. Құранды, әсіресе, осы айда оқығандарыңыз көбірек сауап», – деді Түркия Республикасы Астана қаласындағы Төтенше және Өкілетті Елшілігінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын мырза.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.