Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАДІР КЕШІ: БАС МҮФТИ «НҰР АСТАНА» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

0 1  480

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «Нұр Астана» мешітінде Құран хатым батасын жасап, уағыз айтты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

«Қадірлі жамағат! Мың айдан қадірлі болған қасиетті түнді Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, құлшылықпен өткізу – үлкен сауапты амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне осы түнде дұға жасауды да үйретіп кеткен. Алла Елшісі үйреткен дұғалардың бірі мынадай: «Уа, Алла! Расында, Сен – Кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Мені кешіре гөр». Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, рақымына бөлегей! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай», – деп батасын берді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз өз кезегінде бір ай бойы Құранды толық хатым еткен қариларға алғысын білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.