Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БҰҰ: әлем тілдерінің 43%-ы жойылуы мүмкін

0 579

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Бүгінгі күнде әлем тілдерінің 43%-ы жойылып кету қаупі бар. Бұл туралы БҰҰ кезекті зерттеуінде жарияланды.

Құжатқа сүйенсек, жер бетінде әр екі апта сайын бір тіл жойылып келеді екен. Қазіргі уақытта күнделікті қолданыстан шыққан тілдер қатарында – лигурий, пикард, карачай, балкар, хорасанс, гагауз, арбирей, сваний, куррипако, маори секілді тілдер бар.

Сарапшылардың айтуынша, тілдердің жойылуының басты себебі азшылық қауым өкілдері үлкен қалаларға қоныс аударуында, ал бұл оларға өз тілдерін қолдануына мүмкіндік бермейді. Салдарынан ана тілі басым ұлттың тіліне жол беруіне әкеледі. Айта кетсек, бүгінде әлемде 7 097 тіл бар.

KAZISLAM

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.