Take a fresh look at your lifestyle.

Бірінші наиб мүфти Татуласу орталығының жұмысымен танысты (ФОТО)

0 173

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы Татуласу орталығының жұмысымен танысып, орталық қызметкерлерімен кездесті. Арнайы өткен кездесуге «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының жетекшісі С.Сүлеймен, жоба әкімшісі Ә.Түлкиев, Орталық қызметкерлері Р.Баймұратова, А.Жаманова, медиатор С.Жүкенова, психолог Н.Букатовалар қатысып, Татуласу орталығының жұмыс барысымен таныстырды.

Басқосу аясында қонақтар Татуласу орталығының жұмыс бағыттарынан хабардар болып, қоғамдық және отбасылық кикілжіңдерді азайтып, азаматтарды татуластыру жұмысынң ортақ тетіктері жайлы талқылады. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Татуласу орталығының жұмысына оң бағасын білдіріп, ортақ мүдде аясында біріге жұмыс жасауға шақырды.

Айта кетейік, аталмыш орталықта қазіргі кезде Билер кеңесі жобасы әзірлену үстінде көрінеді. Жаңа жоба кездесу қонақтарының қолдауына ие болып, жұмыс бағыттары талқыланды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.