Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ РЕСЕЙ АЛТАЙ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 1  356
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ресей Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат Оқтаубаевпен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Протокол және халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда Қазақстан және Алтай Республикасы діни басқармалары арасындағы әріптестік байланыс аясын кеңейту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, екіжақты қабылданған меморандум бойынша екі тарапқа қойылған міндеттемелерді жүзеге асыру барысы талқыланды.

Мүфти Жанболат Оқтаубаев ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Оразға Алтай Республикасындағы қандастар мен дін қызметкерлерінің дұғай сәлемін жеткізе келе, әрқашан рухани қолдау көрсетіп отыратын Қазақстан мүфтиятына алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Кездесу соңында тараптар діни терең мәселелер бойынша ортақ пәтуа қабылдауға уағдаласты.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алтай Республикасындағы қандастар мен дін қызметкерлерінің өтініші бойынша оларды қажетті діни кітаптармен, шапанмен қамтамасыз етіп келеді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.