Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда мешіттерінің жылдық есебі тыңдалды

0 266

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен елорда имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.

Алқалы жиында бас шаһардағы 12 мешітте жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады. Сондай-ақ, «Астана» медресе колледжінің 2019 жылғы қорытынды есебі де тыңдалды.  

Жаңа нұсқа бойынша өткен жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық және теріс ағыммен күрес бағыттары бойынша жалпы мәлімет беріліп, арнайы слайд арқылы нақтыланып отырды. Сонымен қатар, кейбір мәліметтер бойынша қосымша сұрақтар қойылып, мешіттегі түрлі мәселелердің шешу тетігі қарастырылды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.