Take a fresh look at your lifestyle.

Қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

0 51

10 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ең алғашқы мешітте қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру үрдіске айналған игі дәстүр.

Бүгін мешіт ұжымы «Big Шанхай» сауда орталығымен бірлесе отырып, ірі көлемді қайырымдылық шарасын өткізіп, жұма намазына келген жүздеген адамды тамақтандырды. Атап айтқанда, 200 кг палау тегін таратылды.

Қасиетті жұма күні Арқаның аязында Алланың үйіне келген жамағат қайырымдылық шарасына дән ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтысып, тарасты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.