Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам әйелдер жамағатымен кездесу өткізді (ФОТО+ВИДЕО)

0 312

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

25 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдауқас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан Әйел-қыздарға арналған Сауат ашу курсында тұрақты білім алып жүрген шәкірттермен кездесті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда азаматтардың дұрыс діни бағытты ұстанып жүруінде, дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне кетпеуінде бала тәрбиесімен айналысатын аналардың үлесі айырықша.

Осыған орай, Бас имам Бауыржан Есмахан мешіт жанындағы Сауат ашу бөлімінде дәріс алушы шәкірттер және әйелдер жамағатының өкілерімен арнайы кездесу өткізді. Арқа төсіндегі ауарайының қолайсыздығына қарамастан мешіт шәкірттері көптеп жиналды.

Кездесу аясында бас имам жат ағымнан сақтану жолдары, аталған бағыттағы әйел адамдардың рөлі жайында тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауынан абай болу, дұрыс діни білімнің маңыздылығы, діни білімді сенімді қайнарлардан ғана алу керектігі жайында тоқталды.

Сонымен қатар, жиналған шәкірттерге көркем мінез жайында тұщымды уағыз-насихат айтып, әйел адамның дініміздегі айырықша мәртебесін сөз етті.

Әйел жамағатының діни білім деңгейін көтеріп, қоғамды ізгілікке тәрбиелу жолындағы игі бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.