Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

I Республикалық медресеаралық Құран Кәрім жарысы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

0 180

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

31 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордамыздағы құлшылық ордасы «Ақмешітте» I Республикалық медресеаралық Құран Кәрім жарысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Астана» медресесінің ұйымдастыруымен өткен айтулы сайысқа еліміздің 9 медресесінен 18 үміткер қатысты. Сайыс шартына сәйкес шәкірттер «29-30-пара» және «30-пара» аталымы бойынша сынға түсті. ІІ курста тәлім алатын шәкірттер тек 30-пара бойынша сұралса, ал, III курс шәкірттері екі пара бойынша да білімдерін көрсетті.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сайысының ашылу салтанатына арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Наиб мүфти жиылған жамағат пен қатысушы шәкірттерге қасиетті Құран Кәрімнің маңыздылығы мен мұсылман өмірінде алар орны жайында тұшымды насихат айтып, білім жолындағы шәкірттерге сәттілік тіледі.

Шәкірттердің білім деңгейін бағалап, сайысқа қазылық жасау жауапкершілігі ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, республикалық қарилар орталығының директоры Сәдуақас қари Сағындықұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар қари Өсерханұлы және «Астана» медресесінің директоры Ибраһим Сматаевтарға жүктелді. Сайыс ережесіне сәйкес, әрбір үміткер қазылар алқасы тарапынан қойылған үш сауалға жауап беріп отырды. Жарыс жеңімпазын анықтау барысында шәкірттердің Құран аяттарын жаттау қабілеті, оқу мәнері және әуезділігі ескерілді.

Сайыс соңында қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаз болған шәкірттер тізімі төмендегідей:

«29-30-пара» аталымы бойынша:
Бас жүлде – «Әбу Ханифа медресе колледжі», Әлиәкбар Жәдігер;
1-ші орын – «Астана медресе колледжі», Нәби Нұрдәулет;
2-ші орын – «Сарыағаш медресе колледжі», Макан Айдын;
3-ші орын – «Хибатулла Әт-Тарази медресе колледжі», Қоңыратбаев Берікқан.

«30-пара» аталымы бойынша:
1-ші орын – «Астана медресе колледжі», Хайриддин Нұрберген;
2-ші орын – «Әбу Ханифа медресе колледжі», Сайдулла Қуаныш;
3-ші орын – «Шымкент медресе колледжі», Анартаев Азизбек.

Бас жүлдені иеленген «Әбу Ханифа» медресесі шәкірті Әлиәкбар Жәдігерге кіші қажылық жолдамасы берілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.