Take a fresh look at your lifestyle.

Шәкірттер тарихи жәдігерлермен танысты (ФОТО)

0 128

5 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Астана» медресесінің бітіруші түлектері Ғылмани мұражайындегі тарихи жәдігерлермен танысты, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жанындағы Ғылмани мұражайын елордамыздағы руханият тарихындағы маңызды нысандардың бірі деуге болады. Онда халқымыздың өткен ғасырдағы діни өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған.

Мұнда келушілердің аяғы жыл бойы үзілмейді. Биыл Арқа өңірінің діни ғұламасы, көрнекті дін қайраткері, ақын Сәдуақас қажы Ғылманидың 130 жылдық мерейтойы. Осыған орай биыл жыл басынан бері музейге қызығушылық танытушылар қатары тіпті де көбейіп келеді.

«Астана» медресе-колледжінің ІІІ курс шәкірттері музейге арнайы келіп, дін тарихына қатысты тарихи жәдігерлермен танысты.

Мұражайдың жауаптысы Бақытхан Солтанбай шәкірттерді музейдің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жәдігерлер жайында баяндап берді. Сонымен бірге Ғылмани ақсақалдың «Заманымызда өткен ғұламалардың өмір тарихы» атты кітабын сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр зиялы қауым өкілдері, дінтанушылар, тарихшылар, студенттер, медресе шәкірттері мен әр сала мамандарын қамтыған 428 адам арнайы келіп экспонаттармен және мұражайдың тыныс тіршілігімен танысты. Шағын музейде ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдер де өткізіліп тұрады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.