Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қордай ауданында жұма намазын өткізді (ФОТО)

0 201

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

15 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданына арнайы іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қаракемер мешітінде жұма намазын өткізді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти мешітке жиылған жамағатқа Отанды қорғау, туған елдің қадірі, ымыра мен ынтымақтастық, бірлік пен татулық туралы уағыз айтты.

Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазынан соң жергілікті ауыл халқымен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жергілікті тұрғындар Бас мүфтимен сұхбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой-пікірлерін айтты.

ҚМДБ Төрағасының Қордай ауданына жасаған сапары жайлы алдағы уақытта тағы жариялаймыз.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.