Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

0 264

Қасиетті жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Ізгі шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету. Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар мен сусындар сатылды. Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды Аналар мектебінің мүшелері мен қыз-келіншектерге арналған Сауат ашу курсының шәкірттерінен құралған еріктілер, әйел жамағаты ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаражат мешітке тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде үлестірілетін болады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.