Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти: Діни басқарма мемлекеттің қамқорлығын сезініп келеді

0 149

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

28 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматы қаласына ресми сапармен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация «Нұр Мүбәрак» университетінің ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Кездесуге университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров, Алматы қаласының имамы Еркінбек Шоқай мен оқу ордасының ұстаздары қатысты.

Басқосуда проректор Қайрат Құрманбаев университеттің оқу бағдарламасы бойынша жаңа өзгерістер мен ұжымның бастамалары туралы Бас мүфтиге баяндап берді.

Университеттің жұмыс есебін тыңдаған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз білесіздер, Діни басқарма мемлекеттің қамқорлығын сезініп келеді. Осы оқу орнына мемлекеттік оқу гранттарының бөлінуі үлкен жанашырлық деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуімде мемлекеттің қамқорлығын айтып, айрықша алғысымды жеткіздім. «Нұр Мүбәрак» діни кадр даярлайтын іргелі оқу ордамыз болғандықтан, университеттің тыныс-тіршілігі мен жұмысы менің жіті назарымда. 15 студентке ҚМДБ тарапынан қосымша оқу грантын бөлдік. Діни басқарма «Нұр Мүбәрак» университетінің құрылтайшысы ретінде әрқашан қолдау көрсету шараларын жүзеге асыра бермек. Алла Тағала асыл қызметтеріңізге жар болсын!», – деді.

Кездесу соңында Бас мүфти діни кадр даярлау бағытындағы жұмыстарды жетілдіру қажеттігін атап өтті.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.