Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн сабағы жалғасуда

0 134

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

28 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz –Осыдан бір ай бұрын ҚМДБ имам-ұстаздардың онлайн дәрістерін өткізуді қолға алған болатын. Дәстүрлі онлайн дәрістері жалғасуда, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Жұма күні сағат 13:00-де Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма насихатын айтса, қалған күндері белгілі бір уақыттарда имам-ұстаздар түрлі тақырыптар төңірегінде әсерлі әңгіме өрбітеді. Дәрістер «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «30 күнге 30 сұхбат» онлайн сұхбаттары да жалғасып жатыр. Белгілі имамдар мен ұстаздардың қатысуымен өтетін «30 күнге 30 сұхбат» онлайн жүздесуін күн сайын кешкі сағат 20:00-де ҚМДБ-ның YouTube пен Instagram-дағы ресми парақшаларынан көруге болады.

Одан бөлек аптаның әр күні сағат 17:00-де «Рамазандағы еркін әңгіме» (Еркін Шәкірұлымен), күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен екінті намазынан 10 минут өткенде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы жалғасуда. Онлайн шаралар «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.