Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Төле бидің аталы сөздері

0 1  243

Ағадан ұл туса игі – ата жолын қуса игі,

Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі.

Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін жүрген торғай артық.

Ер кетер – жер жетер.

Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас.

Нәрестенің бесігі – кең дүниенің есігі.

Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,

Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,

Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.

Маңдайы – тайқыдан, көкірегі – қайқыдан, еріні – түріктен, аузы – бүріктен, көзі – көктен, сылтауы – көптен сақтасын.

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.

«Иман» журналының 2021 жылғы 10 санынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.