Асқар Сабдин еліміздегі теріс діни ағымдар, экстремизм мен тероризмнің алдын алуда еңбек етіп жүрген білікті маман. Сондықтан дәріс бірінші курс студенттеріне өте қызықты да мағыналы болды. Лектор жат діни ағымдардың бетпердесін, ұстанатын айла-тәсілдеріне тоқталып, қандай жағдайда да адамға білім мен дұрыс түсініктің маңызды екенін жеткізді. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мұндай дәрістің болашақта дәстүрлі жалғасуын сұрады.
Университеттің Тәрбие істері және әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі Мақсат Байзақ таным мен білімді арттыратын қосымша дәрістер ғана емес, қоғам өкілдері, танымал тұлғалармен кездесулер де ұйымдастырылатыны айтқанда, студенттер қуаныштарын жасырмай, алғыстарын білдірді.
Айша Кеңесбай Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі