Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«40 хадис» еңбегі бойынша жүргізілген сабақ соңына жетті (ФОТО)

0 137

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

13 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас имам Бауыржан Есмахан жүргізген имам Нәуәуидің «40 хадис» еңбегі бойынша жүргізілген сабақ мәреге жетті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти бастамасына сәйкес, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де уағыз-насихат жұмыстары төтенше жағдай кезінде онлайн түрінде жалғасын тапқан болатын.

Қараша айында басталған имам ән-Нәуәуидің «40 хадис» кітабы бойынша дәрісі басында мешітте әр сәрсенбі құптан намазынан кейін жүргізілген болатын. Жаматтың ықыласына бөленген дәріс елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде онлайын түрде жүргізіліп мәреге жетті.

Хадис сабағы тікелей эфирде де кең өріс тапты. Тікелей эфирде хадис мазмұны түсіндірілуімен қоса, тақырыпқа қатысты сұрақ-жауапқа да орын уақыт бөлінді. Әрбір эфирде неше жүздеген адам тыңдаған хадис сабағы 18 мыңнан астам адамды қамтыды.


 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.