Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

0 596

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласында салынып жатқан 8000 орынды жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Кездесу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдурахманов пен алып құрылысқа жауапты Смат Саухатов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына жүргізіліп жатқан мешіттің құрылысын таныстырды.

Жаңа мешіт қаланың «Нұрсат» шағынауданында орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі – 12,0058 га. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2, жабық аймақтың көлемі – 25626,0 м2, бос аймақтың көлемі – 47369,6 м2, ал, паркингтың жалпы жер көлемі 218,8х58,8 метр.

Сондай-ақ бұл ғимаратта конгресс-холл, неке қию сарайы, медресе, кітапхана мен құдайы ас өткізетін асхана, екі қабаттан тұратын автотұрақ, субұрқақтар, фитнес орталық орналасады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, зәулім мешіттің құрылысын «Мұнай Құрылысы Сервис» ЖШС жүргізіп жатыр. Кездесу аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт құрылысына оң баға беріп, құрылыс жүргізуші азаматтарға ризашылық білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.