Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жақыныңа жанашыр бол

0 75

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Біз «жақын» деген сөзді тек туған-туыстарға қаратып айтатын болған сияқтымыз. Ал сізбен әріптес, сапарлас, пікірлес болған жандарды неге жақын деп есептемейміз. Олармен ойыңыз ортақ, мұратыңыз мүдделес болса, неге жаныңызға жақын тартпайсыз? Жақын деген сөз тек ара-қашықтық өлшемі ме? Бәріміз бір аспанның астында өмір сүріп жатқандықтан, бір-бірімізге жақынбыз. Сондықтан да тайып бара жатқанға таяныш, сүрініп кеткенге сүйеніш болу адами парызымыз емес пе?! Әсіресе, қазіргі індет іргемізге ұя салған қиын-қыстау шақта жан-жағымыз-ға жанашырлық таныту аса маңызды.

Мамыражай маусымның ортасынан бастап көптеген демалыс, ойын-сауық орны ашылады деген ақжолтай хабарды естіп, қуанып қалдық. Дегенмен бұл қуанышымыз су сепкендей басылды. Себеп – елдегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталмауы. Оның тұрақталып һәм карантиндік режімнің тезірек аяқталуында азаматтардың сақтық шараларды қатаң сақтауы баса назарға алы-натыны айқын. Осы ретте отандастарымыздың осалдық танытып, бетпердеге бейжай қарап, ашық-шашық жүргеніне налисың. Денсаулығына сеніп, дертті елемей жүргендер қаншама?! Кейбір адамдардың иммунитеті мықты болып, вирусқа қарсы тұра алғанымен, кейбірінің қарапайым тұмаудан да тұра алмай жататындарын көреміз. Бұл жердегі негізгі мәселе, сізге вирус жұққанымен, оған сіздің денсаулығыңыз шыдап, көтеруі мүмкін, ал денсаулығы осал топтағы жандар қарсы тұра алмай, кезбе дертті керісінше сізден жұқтырып алса ше?! Сіз тәжтажалды тасымалдаушы болып қалмайсыз ба? Осы жағын ойлансақ.

Мысалы, кешегі жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелген. Ақмола облысында – 1, Ақтөбе облысында – 22, Алматы облысында – 34, Атырау облысында – 54, Шығыс Қазақстанда – 4, Жамбыл облысында – 21, Батыс Қазақстанда – 25, Қарағанды облысында – 58, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 14, Маңғыстау облысында – 4, Түркістан облысында – 14, Солтүстік Қазақстанда – 5, Алматы қаласында – 94, Нұр-Сұлтан қаласында – 69, Шымкент қаласында – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдау¬шылар Қазақстанда – 4892 адам.

Көз жұмғандардың санына көз жүгір¬тетін болсақ, республика бойынша аталған індеттен барлығы 77 адам қайтыс болды. Кеше ғана 4 науқас көз жұмды. Олар Нұр-Сұлтан қаласында – 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысын¬да – 1971 жылы туған әйел, Ақмола облысында – 1977 жылы дүниеге келген ер және 1952 жылы туған әйел. Комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім шығарған.

Осыған орай әртүрлі шаралар қолға алынды. Мәселен, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарды қонаққа және отбасылық мейрамдарға барудан бас тартуды өтінді.

«Қонаққа барудан және отбасылық мерейтойлардан, сонымен қатар адамдардың көптеп топталып жиналуынан бас тарта тұру қажет. Тәуекел әлі де бар. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіздендіресіз. Қалада отбасылық індет ошақтары тіркелді. Бір адам отбасының бүкіл мүшелеріне – қарт ата-анасына, балаларына, жұбайына жұқтырып алды. Қалада инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында зарарсыздандыру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз» деді А.Көлгінов.

Оның сөзінше, емханалар мен ауруханалар аумағында зарарсыздандыру тоннельдері мен теп-ловизорлардың саны арта түседі.

«Бір өкініштісі, індет жұқтырғандардың барлығы бірдей медицина қызметкерлерінің нұсқаула-рын сақтай бермейді. Бұған қоса, олар өздігінен емдеумен айналысып, медициналық көмекке дер уақытында жүгінбейді. Қалай болғанда да COVID-19-дың ағза үшін ауыр салдарын бағаламауға болмайды. Қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы әрі елемеуі бүкіл қала аумағын шарпитын індеттің таралуына әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды. Олай болмаған жағдайда қатаң карантин режіміне оралуға мәжбүр боламыз» деді елорда әкімі.

Дей тұрғанмен, ескертулерді естімей, нұсқауларға немқұрайлы қарап жүргендердің қарасы қалың. Сол себепті де қазіргі уақытта 15 мыңға жуық азаматтардан вирустың белгілері расталған. Ойнайтын емес, ойлайтын кезеңде тұрғанымыз әрқайсымызды алаңдатуы керек.

«Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланатынын айтып өткен абзал. Осы ретте ол үйден шықпай, қолды сабындап жуып, бөлмені жиі тазалап, спирттік негіздегі ан-тисептикті пайдалану қажет. Одан бөлек, тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдаланып, жеке ыдыспен тамақ ішкені дұрыс. Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс. Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз етіп, бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынған абзал. Негізгі сақтық шараларын сақтап, құнарлы тамақтар жеп, дәрігерлердің айтқандарын орындаса, ауырған азаматтардың саны азаяды. Ең бастысы үйден ешқайда шықпай, үйге ешкім келмеуі тиіс. Күніне екі мезгіл дене қызуын өлшеп отыру керек» дейді Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауру-ханасының дәрігер-инфекционисі Қымбат Казкенова.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қоғам саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларына баса назар аударған абзал. Жалқы адамның жауапкершілігі – жалпы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармайық!

Рауан ҚАЙДАР

egemen.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.