Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Отбасы күніне арналған семинар өтті (ФОТО)

0 44

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қыркүйек айының екінші жексенбісі сайын аталып өтілетін Отбасы күнінің құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жас жұбайларға арналған семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ҚМДБ Астана өкілдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

 Айтулы мерекеге орай ҚМДБ жариялаған Отбасы апталығы аясында ұйымдастырылған шараға соңғы бір жыл ішінде «Әзірет Сұлтан» мешітінде некесін қидырған жас отбасылар шақырылып, тәлім-тәрбиеге толы насихат дәрістерімен сусындап қайтты.

Үлкен өмірге қол ұстасып бірге көш бастағандарына жылға жетпеген жас жұбайлар үшін отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында ағалық ақыл-кеңес, үлкеннен үлгі-өнегенің нағыз керек шағы. Осыны ескерген мешіт имамдары отбасы бірлігі мен тыныштығын сақтау жөнінде тұшымды насихат айтып, жанұя жарасымына қол жеткізу жолдары жайлы баяндады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бұл жобаның алдағы уақытта желісі үзілмей, жалғасып тұратынын жеткізді. Отбасы құндылықтары жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен имамдар насихаты семинар қатысушылары үшін орны бөлек азық болды.

Кеш соңында «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан жас жұбайларға Отбасы күніне мерекесіне орай арнайы ұтыс сыйлықтары ойнатылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.