Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды (ФОТО)

0 36

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

25 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада өтіп жатқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында экс-мүфтилер мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция барысында мүфтиятты әр жылдары басқарған Бас мүфтилер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаздар – Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораздың кеуделеріне «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.