Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ОҢҒАР ХАЙРИДИНОВ: АДАЛДЫҚ – МҰСЫЛМАН ТУЫ /бейсенбі уағызы/

0 1  576

Астана /7-наурыз /SUNNA.KZ/ – Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде, қасиетті Ережеп айынның құрметіне ауызашар беріліп, уағыз айтылды.

Діннің, заңның, білімнің, ғылымның барлығының ортақ мұраты – адалдық. Күллі діндердің соңғы әрі кемелі Исламнның, момын мұсылман қауымның алға ұстар туы да адалдық. Сондақтан да бұл тақырыпты жамағатқа көбірек насихаттау, әлбетте, имамдарымыздың ізгі міндеттерінің бірі.

Осындай игі істің негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Оңғар Хайридинов бейсенбілік ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа «Адалдық – мұсылман туы» атты тағылымы мол уағыз-насихат айтты. Мешітімізде дәстүрлі түрде бейсенбі күндері тұрақты түрде ақшам намазынан кейін  ауыз бекіткен мешіт жамағатына арнайы ауызашар беріліп келеді.

Аталмыш ауызашар уағызында наиб имам Оңғар Хайридинов, қасиетті Құран аяттарында жаратушы Хақ Тағаланың адамзатқа жіберген аяттары мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өсиеті хадистерден дәлелдер келтіре отырып, Ислам дініндегі адалдық, арлылық, жауапкершілік, тазалық және адал ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігі жөнінде айтты.

«Ислам ғалымдарының зертеу нәтижесінде мынандай бір қызық экспериментке тап болған екен. Диханшы, малшы және академиктің балаларының қандай болып, өскеніне қарайды. Диханшы мен малшының баласы адал, қызметке тиянақты, ортаға сыйымды, сабырлы, абыройлы болып өскенін көреді. Ал академиктің баласы мүлде керісінше болып шығады. Мұның сыры не деп зерттеп көрсе, диханшы мен малшының әйелі әр тамақ істеген сайын дәретпен, әр бір ісін «бисмилсасыз» бастамайды екен, жауабы өте қарапайым болып шығыпты.

Қазір көбіміздің үйіміздегі әйелдеріміз, көзі – сериалда, қолы – қамыр илеп жатады. Әйел адам әр істеген ісін Алланың атымен, ыждаһатпен бастаса – ол отбасынан текті мұсылман бала өсіп жетілмек. Осындай нәрселерді әйелдеріңізге әдемілеп, баппен әңгімелеп беріңіздер», – деді исламтанушы Оңғар Хайридинов.

Сондай-ақ, уағызға 50 шақты  жамағат жиналды. Дастархан жайылып, Құран оқылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.