Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Ержан қажымен кездесті (ФОТО)

0 1  110

13 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алғашқы жұмыс сапарын Алматыдан бастаған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың бұрынғы төрағасы, Нұр-Мүбарак университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлымен арнайы кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Жүздесу барысында Діни басқарманың биылғы 30 жылдық мерейтойында атқарылатын игі шаралардың бірсыпырасы таныстырылды. Ержан қажы Малғажыұлы ойға алған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, өзінің ағалық кеңесін қосты.

«Еліміздегі мұсылман жамағатының талабы күшті. Сондықтан имамдарымыздың білімі соған сай болу керек. Имамдарға қойылар міндет те – жоғары. Дінді насихаттау – елдік, ортақ жұмыс. Алайда бірінші орында бауырмалдық қасиет тұруы тиіс. «Жас келсе – іске» дейді. Өзіңе әрқашан да тілектеспін. Алла осы кезеңді дамытуға лайық деп таныпты. Ендігі қолға алар істерің табысты болсын» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ Бас мүфтидің ұсынысымен құрылатын Ақсақалдар алқасы құрамына Ержан қажы да кіретінін мәлімдеді. Кездесу соңында алдағы уақытта Діни басқарма аясында атқарылар ортақ шаруаларға үлес қосатынын айтты.

Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ержан Малғажыұлының асыл дінімізге, оның ішінде мүфтиятқа сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, сый-құрмет ретінде иығына шапан жауып, Діни басқарманың естелік бұйымын табыстады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.