Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни басқарманың жұма намазына байланысты мәлімдемесі

0 1  245

Құрметті жамағат!

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр.

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

1.Жұма намазынан алдын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;

2.Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;

3.Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;

4.Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;

5.Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;

6.Мешітке бетперде (маска) киіп келу;

7.Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;

8.Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

9.Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;

10.Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.​

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.