Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Ауғанстан елшілігінің сенімді өкілімен сұхбаттасты (ФОТО)

0 1  221

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизулламен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Кездесуге наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы қатысты.

Басқосуда екі елдің түрлі саладағы байланысы мен ынтымақтастықты арттыру бағытындағы игі бастамалар сөз болды. Сонымен қатар адамзат баласының өміріне қауіп төндіріп отырған терроризм мен экстремизмді алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел игілігі жолындағы жұмыстары жайлы баяндады.

Ауғанстан Ислам Республикасы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизулла өз кезегінде Бас мүфти бастамаларына ізгі тілегін жеткізіп, ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.