Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Республикалық ІV кезекті имамдардың форумы өтеді

0 1  309

8 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай 10 желтоқсан күні имамдардың ІV республикалық онлайн-форумы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы жиын өткізіп, форумның дайындық жұмыстары пысықталды.

«Негізгі мақсатымыз – мұсылман қауымының діни-мәдени мұраларын одан әрі дамыту, бірлік пен ынтымақты арттыру, діни рәсімдер мен ас беру, зиярат ету мәдениетін қалыптастыру мен имамдардың тұлғалық беделін арттыру. Сондықтан алдағы форумда «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарын қабылдау көзделіп отыр» деп атап өтті Бас мүфти.

Онлайн-форумда аталған құжаттарды қабылдаудағы мақсат – еліміздегі құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыру, халықты ысырапқа жол бермеуге үндеу, ас беру шарасын бір үлгімен өткізу, зиратты зиярат ету рәсімі кезінде дін талаптарын ескеру, т.б. Ал «Зияткер имам» құжаты имамдарды жан-жақты білімді болуға, шариғат ілімдерімен қоса зайырлы білімді игеруге, қоғамның сұранысына сай әлеуметтік желіде белсенді болуға, пікірталас кезінде әдеп сақтауға, ұлтаралық, дінаралық бірлікті арттыруға, жалпы айтқанда ХХІ ғасырға сай имам болуға үндейді дейді форумды ұйымдастырушылар.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.