Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Түркиядағы орман өрті: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

0 1  186

КЖП ұйымы мен “От балаларының бастамасы” тобы шілде айының соңынан бастап Түркия аумағында таралған орман өрттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы ұйымдар әлеуметтік елідегі парақшаларында айтты, – деп хабарлайды Yeni Safak.

“От балаларының бастамасы” – Түркияда террористік деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) ұйымының бөлімшесі. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде елдегі өртке жауапты екендерін жазды.

“Түрік режимі басқа тілді түсінбейінше өрт арқылы тізе бүктіретін кез келді”, – делінген хабарламада. 

Газет мәліметінше, “От балалары” 1990 жылдан бері елде орман өртін жиі шығарып жүр. Мұндай жайт былтыр да болған екен.  

Бүгінде Антальяның Манавгат, Гюндогмуш және Мугла, Мармарис, Кейджегиз және Милас аудандарында өрт сөндіріліп жатыр. Өрт кезінде 7 адам қайтыс болған. 

tengrinews.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.