Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

0 562

13 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары барысында Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елдімекенінде жаңа мешіттің ашылуына қатысты , деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Құлшылық ордасының ашылу рәсімі Құран оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Жер бетіндегі мешіттерді иманды, Аллаға шынайы түрде бойұсынған мұсылмандар салады. Жаңа мешітке осы ауылдың құрметті азаматы Жарқынбек Пернебайұлының есімі беріліп отыр. Алла Тағала ағамызға жәннаттан жай беріп, ұрпағының өмірін ұзақ та берекелі еткей» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти осы мешіттің бас имамына қасиетті Құран Кәрім мен кәде сыйлық табыс етіп, жаңа мешітте жамағатпен бірге намаз оқыды.

Ал игі іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысы бас имамы Еркебұлан Ыбырайұлы, танымал имам-ұстаздар Ризабек Батталұлы, Бауыржан Әлиұлы мен Оралхан Сеидіманов және Төлеби аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.