Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“Құран – нұрдан тәж” атты рухани кеш өтті

0 1  015

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінің Әйелдер-қыздар секторындағы шәкірттерге арнадған рухани кеш өткізілді.

Сауат ашу жұмыстарын жандандырып, жат ағымдардың алдын алу жұмыстарына үлес қосу – мешітіміздегі негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыста “бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен” әйелдер қауымының үлесі айырықша.

Бүгін “Астана” медресе-колледжі қыздар бөлімінің ғимаратында “Құран – нұрдан тәж” атты рухани кеш өтіп, жыл басында сауат ашуға келген шәкірттер әліпбимен қоштасып, Құранға түсті.

Аталмыш шараға елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысып, құттқтау сөз сөйледі.

Өкіл имам мешіттегі сауат ашу жұмысына ризашылығын білдіріп, шәкірттердің алдағы қадамына сәттілік тіледі.

Мешіт ұйымдастырған шараға елордадағы Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева, республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің ұстазы Элмира Бұқарбаева, “Әл-Фараби” мешітінің ұстазы Айгерім Қазбекова, “Райса Ана” мешітінің ұстазы Бақыт Төлеу қатарлы арнайы қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, білім алу, жат ағымнан сақтану, салт-дәстүр туралы тұщымды ойларымен бөлісті.

“Астана” медресе-колледжінің ұстазы Ботагөз Мадиева жаңа шәкірттерге Құранның маңызы мен артықшылығы туралы уағыз айтты.

Ғылым үйреніп, білімді болмақ – әрбір мұсылманның жеке парызы. Дін ісінде де сауатты болу – заман талабы. Осыны ескерген азаматтар жасының егделегеніне қарамай өз еркімен білім нәрін сусындауға мешітке келеді. Шәкірттерінің арасында сексеннен асқан апаларымыз да бар.

Шара аясында мешіттің Әйелдер-қыздар секторына қарасты Аналар мектебінің жұмысы талқыланып, құрамы жаңартылды.

Сонымен бірге, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттайтын қойылымнан қойылды. Іс-шара соңы шәкірттердің қайырымдылық шарасына ұласты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.