Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қошке Кемеңгерұлы: Алдыңдағы малыңнан, қойныңдағы ақшаңнан қымбат

0 931

Замандастарымызға пайдасы тиер деген үмітпен көрнекті алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының ел, жер, білім, дін жайындағы азаматтық ой шоғырларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қалың қазақтың арасында ояну сәулесінің түсуі, оқыған азаматтардың топталуы 1905 жылдың 17 қазанындағы манифестен басталады. Өйткені, 1905 жылдың кірісінде қазақ алдында – дінін жоғалту, жерінен айырылу деген екі жұмбақ көлденең тартылып еді.

Патша үкіметінің жемсаулы, аясы тар саясатының арқасында қазақ еліне сіңіскен баққұмарлық, кекалғыштық, жаяу өсекшілдік біздің оқыған азаматтарымыздың көбінде бар.

Жер – мәңгі байлық, алдыңдағы малыңнан, қойныңдағы ақшаңнан қымбат. Өнер-білім кенжелігі болса да, автономияға аласұрып жатқандық  – жер үшін.

Оқудың негізі – ауыл мектебі.

ХІХ ғасырдың басында қазақты шоқындыру саясаты туды. Миссионерлер мектебі ашылды. Бұған тұрмысы нашардың балалары алынды. Осылай қазақтың өзінен миссионер жасамақшы болды.

Қазақ білімі жағынан өрнек алмаса да, жаман мінездік жағынан асырып жіберді: қалаға келсе карта ойнап, арақ, сыра, коньяк ішуге құмарланды, сатылатын қыздар үйіне барғыш болды.

Қай ел болмасын шаруасы өркендемей, ғылымы мен пән өнері марқаймай, терезесі тең ел болмайды.

Солтүстікте тұқымы түгел құрып кеткен бұратана елдер жетерлік. Қайта қазақ – араққа берілмегендіктен, көшпелі болғандықтан аман қалды.

Қазақ келешегіне үмітті көзбен қарасақ, мәдениетке жетекші болатын шарттар: қазақта діни фанатизмнің әлсіздігі, қазақтың еліктегіштігі, көптің қамын қарастыратын үкіметтің барлығы, қазақ елінің жаппай оқуға ұмтылғандығы.

Бізді ілгері бастыратын кәсіптің бірі – қолөнер кәсібі.

«Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптан алынды.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.